Адам папилломасының вирусы– сүйелдердің себебінен болатын вирустардың кең таралған тобы. Адам папиллома вирусының жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30-ға жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады.
Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебінен болады. Жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, ішектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерден жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.
Көптеген адамдарды АПВ алаңдатпайды, бірақ кейбір папиллома вирустар сүйелдерге немесе қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.
Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папилломавирусын жұқтыруымен байланысты, бұл туралы көптеген ғылыми дәлелдер бар. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары.
Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша екінші орында тұр. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау кезеңдерінің бірі-скринингтік бағдарламалардан өту және АПВ-ға қарсы вакцинация болып табылады. Папиллома вирусы адамнан адамға тұрмыстық байланыс және жыныстық қатынас арқылы берілуі мүмкін.
Вакцинация көмегімен біз вакцинацияланған адамның денесінде вакцина салынған вирустардың жайлы өмір сүруіне қолайсыз орта жасаймыз. Егер инфекция денеге физикалық түрде енсе, ол инфекцияға әкелмейді. Сондықтан жасөспірімдерге екпе салған дұрыс, ал неғұрлым тезірек болса, соғұрлым жақсы.
Әйелдерде жатыр мойны қатерлі ісігін туындататын АПВ төрт түрінен қорғайтын екі түрлі вакцина бар. Вакцинаның бірінші түрі үш рет егілуден тұрады. 9-26 жастағы қыздар мен әйелдерге арналған. Екінші түрі ұлдар мен ерлердегі сүйелдерден қорғайды.
Әлемде бұл вакцинаға сұраныс өте жоғары.
Ең тиімді қорғану әдісі - вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын - жалғыз қатерлі ісік түрі – бұл жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген.
К.ӘЖДЕНҒАЛИЕВА,
аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы