Кәсіп ашуға мүмкіндік бар

Қазіргі таңда, елімізде қылмыстық жазаларды ізгілендіріп, қылмыс жасаған адамдарға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуге айрықша мән беріліп отыр.

Сол себепті Махамбет ауданы әкімдігі жанынан арнайы комиссия құрылған болатын. Басты мақсаты - пробация тізімінде тұрған сотталған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу, әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, кәсіпкерлікке тарту. Аудандық Пробация қызметі бөлімшесінің мәліметі бойынша Махамбет ауданында 47 сотталған адам тіркелген. Бұл адамдардың жұмысқа орналасуы қиындыққа соғатыны бәрімізге мәлім. Сондай-ақ, кәсіп ашудың негіздерін үйрету үшін Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі ағымдағы жылдың 14 қыркүйек күні олармен семинар-кеңес ұйымдастырды. Қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар, яғни жеңілдетілген несие мен «Бастау-Бизнес», «Бизнес-Кеңесші» атты оқу курстары жөнінде кең түрде түсіндірілді. Семинар барысында сұрақтар қойылып, арнайы жасақталған жадынамалар мен оқу-әдістемелік құралдар таратылған болатын. Нәтижесінде, қатысушылар арасынан кәсіпкерлер анықталып, (ЖК «Мукашев С.», ЖК «Пазиева»), оларға «Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту», «Кәсіпкер» бағдарламалары жөнінде ақпараттар кәсіптерін кеңейтуге көп септігін тигізетіні сөзсіз. Ал, А.Қубашев сияқты азаматымыз кәсіп ашуға ниет білдіріп, оқу курстарынан өтуді көздеп отыр. Жалпы семинар-кеңестер тізімде тұрған барлық адамдарды қатыстыруды көздейді. Жоспар бойынша, Пробация қызметі бөлімшесі 47 адамды топқа бөлсе, олармен бөлім тарапынан ай сайын семинар-кеңестер, кездесулер өткізіліп тұратын болады.

П.ТАҢАТОВА,

аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT