Махамбет ауылындағы адамдар көп шоғырланатын, бірнеше сауда нүктелері орналасқан орталық көшеге сән беріп, тағы бір әсем ғимарат бой көтерді.
Жеке кәсіпкер Мырзагелдиева Жайнагүл 2002 жылдан бері шаштараз қызметін жан-жақты меңгерген кәсіби маман ретінде танылып, өзіне клиенттер жинап үлгерді. Кәсібін кеңейтіп, ыңғайлы орындарды жалға алып, шеберлігін шыңдай түсті. Кәсібін нәсібіне айналдырған Жайнагүл құзырлы орындар арқылы жер телімін рәсімдеп, 2018 жылы өзі армандаған сұлулық салонының құрылысын бастап, қысқа мерзімде іске қосты.
«Айнара» сұлулық салонының лентасын қиған аудан әкімі Ж.Ахметов пен Махамбет ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Сұлтанов ел игілігі үшін ашылған жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. «Жақсыны көрмек үшін» дегендей қажетті құралдармен жабдықталған сұлулық салонының ішкі бөлмелерін аралап көрді. Мұнда 2 шаштараз және 3 маникюр, педикюр қызметін көрсетуге арналған орындар бар.