Көшелеріміз кімнің атында?

Дәл осы мәселеге байланысты Махамбет ауылдық қауымдастық жиынында бір емес, екі мәселе қаралды.

Біріншісінде ауыл тұрғындары атынан Жеңістің-30 жылдығы, Жеңістің 50 жылдығы атындағы көшелердің атауларын өзгертіп, осы ауылда туып-өскен танымал тұлғалардың есімін беру туралы. Әрине, Кеңес кезінен қалған Тракторная, Фестивальная деген көшелер болса, ойланбастан ауыстыра салар едің, ал талай миллиондаған адамдардың төгілген қанымен келген, ананы жесір, баланы жетім еткен сұрапыл соғыстағы Жеңіс тым қымбатқа түскені тарихтан белгілі. Отаншылдық рух пен патриоттық сезім жауынгерлерді Жеңіске жетелеп, ақтық қасық қаны қалғанша соғысқан. Сол Жеңістің қадір-қасиетін жете түсінбегендер ғана мұндай пендешілікке барады. Сосын... ұят жағынан нәғып жүргендер...

Көшеге қатысты екінші мәселенің де «ат көтере алмайтын салмағы» бар. Өйткені, өтініш иесі кезінде еңбегімен еленген, сол үшін әжептәуір сый-құрмет көрген, еңбегі Үкімет тарапынан лайықты бағаланған жан. Бәрі бар, тек жетпей тұрғаны... көзі тірісінде өзі тұратын көшеге өзінің атын бергісі келеді. Бұған не дерсіз? «Ұят болмасын» деп, үлкен кісіні сыйлағандықтан ономастика туралы заңды құжаттарға сілтеме жасап, «жұбату» хатын жолдауға мәжбүр болдық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз