Газет қашанда құнды, шын білімді адам газеттен, кітаптан ғана ала алады.
Басылымдар қай кезде де ұлттық мүдде, ел жағдайын көтеріп, ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажына үн қосып келеді. Ауданның жаңалықтар жаршысына айналған «Jaiyk shugylasy» газетінің оқырманы аз деуге де келмейді. Себебі өңірде бұл газетті білмейтін, оқымайтын жан қатары жоқтың қасы. Сүйікті басылымға тіпті ұжыммен жазылатын да мекемелер бар. Соның бірі –Атырау облысы Білім беру басқармасының Махамбет ауданы Білім бөлімінің қызметкерлері.
Жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеу жолында жүргендер әрдайым даму мен ізденіс үстінде. Заман көшінен қалмай, талмай еңбектеніп жүрген ұстаздар қауымы соңғы жаңалықтарды осы газет бетінен, қала берді арнайы сайттан оқиды. Олардың айтуынша, өскелең ұрпаққа сапалы білім беру үшін әркез мұғалімнің ізденісі мол, ақыл-парасаты шыңдалған болуы тиіс. Бұл кезде таптырмас көмек болатын құрал – кітап пен газет-журналдар. Сондықтан аудандағы барша ұстаздар қауымын Ауданның айнасы, тұрғындардың жаңалықтар жаршысы, оқырманның сүйікті басылымы, жергілікті «Jaiyq shugylasy» газетіне жазылуға шақырамын.
Венера Қабышева
Атырау облысы Білім беру басқармасының
Махамбет ауданы Білім бөлімінің басшысы