Газет – рухани құрал, ақыл-кеңес берер досың.
Тіршілік атаулы күн шуағынан, жер-судан нәр алса, адамзат баласы оқып-білуден рухани азық алады. Көп оқыған адам көп біледі. Кез келген ортада өзін еркін сезініп, түрлі тақырып төңірегіндегі сөзге араласып, пікірін білдіреді. Сонымен бірге, Махамбет аудандық архив ұжымы да басылымға жазылудан қалыс қалмады.
Төл басылымға ұжымымдағы барлық қызметкерлер асыға жазылады. Барлығы да аудандық «Jaiyk shugylasy» басылымынан құр қалған емес. Тіпті газетке өз жақын туыстарын жазатындары да бар. Сондықтан өңірдің жаңалықтар жаршысы болған ақпараттық басылымның біздің ұжымда алар орны ерекше. Архив ұжымының газетке айтар алғысы да шексіз. Туған өңірдің төл газеті – «Jaiyk shugylasyn» үзбей оқуға шақырады.
Әзмұхан Есенғалиев
Атырау облысы мемлекеттік архивінің
Махамбет аудандық филиалының басшысы