Үй кезекпен ғана беріледі

Аудан әкімі Ж.Бахуұлының қабылдауына Бейбарыс ауылынан келген бір топ ата-аналар мен қызметкерлер Чкалов орта мектебі жанындағы интернат жабылуына байланысты мәселені көтерді.

Интернатта бірі тәрбиеші болса, екіншісі медбике, тағы бірі аспаз екенін айтса, ата-аналар алпыс жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан интернатта балалары жатып, оқитынын алға тартты. Бейбарыстан келген алты адамды мұқият тыңдап алған аудан әкімі бұл мәселенің мән-жайын округ әкімінен, аудандық білім бөлімінің басшысынан, орынбасарларынан қанықты. Округ әкімі М.Сарсенғалиев ескі мектеп апатты жағдайда тұрғанын, бұл интернатта 22 бала жатып оқитынын, оның 12-і ауылдан, Аққайыңнан екенін айтса, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Неталиева ереже бойынша интернат ескі, талапқа сай еместігін, септик жасамайтынын, әжетхана, монша жоқтығын алға тартып, барлық қызметкерлер жұмысқа мектепке орналастырылатынын да тілге тиек етті. Аудан басшысы алдымен балалардың жағдайын ойлау керектігін, Есболда 1928 жылы салынған интернат жабылып, ондағы балалар Таңдай ауылындағы Қ.Ахмедияров атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа орналастырылғанын, онда талапқа сай бәрі барын, алға қарай Махамбетте типтік үлгідегі 600 орындық мектеп пен 300 орындық интернат салынатынын еске салды. «Бар жақсылық балаларға» дегендей, өскелең ұрпақ заманауи соңғы үлгіде салынған ғимараттарда оқып, білім алғаны дұрыс. Ең бірінші балалардың өмірі, қауіпсіздігі маңызды орын алады. Ал қызметкерлер жұмыссыз қалмайды, бәрі де жұмысқа орналасады.

Толығырақ газетімізден оқи аласыздар  

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз