Сессияның бекітілген күн тәртібіне сәйкес, аудандық мәслихаттың «2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Құлмағамбетовтің хабарламасы тыңдалды.
Нақтыланған аудандық бюджет жобасында облыстық бюджеттен бөлінетін жалпы сомасы – 2 547 355 мың теңге, оның ішінде – 1 996 975 мың теңге ағымдағы және – 600 380 мың теңге дамуға арналған нысаналы трансферттерді келесі мақсаттағы шығындарды қаржыландыруға бағыттау көзделген: тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге – 3 270 мың теңге, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және жалпы білімінің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақы төлеуге – 50 246 мың теңге, ұлттық біліктілік тестісінен өткен бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің білім беру бағдарламасын іске асыратын мұғалімдерге педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақы төлеуге – 43 874 мың теңге, білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға – 71 919 мың теңге, білім беру объектілерін ағымдағы жөндеуге – 82 369 мың теңге, білім беру ұйымдарын ағымдағы ұстауға – 4 373 мың теңге, нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға – 2 573 мың теңге, әлеуметтік қызмет көрсетуге – 14 558 мың теңге, коммуналдық меншіктегі газ желілерінің техникалық күтіміне – 15 607 мың теңге, елді мекендердегі су тазарту қондырғылары мен жүйелерін жөндеуге – 52 526 мың теңге, елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 40 000 мың теңге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы үшін арнаулы техникалар және жабдықтар сатып алуға – 332 174 мың теңге, қысқы мерзімге дайындық бойынша жұмыстарды жүргізуге – 70 348 мың теңге қаралған.
Сонымен қатар хабарламашы Ерсайын Нұрымұлы елді мекендердегі су бөлу каналдарын күрделі жөндеуге және каналдарды күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттамалар жасақтауға – 666 922 мың теңге, елді мекендердегі автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге – 445 086 мың теңге, автокөлік жолдарын ағымдағы ұстау шығындарына – 25 000 мың теңге, қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинауды енгізу бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізуге – 1 000 мың теңге, суғару каналдарын суландыруға – 21 530 мың теңге, эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге – 3 600 мың теңге, Махамбет ауылында коммуналдық тұрғын үйлерді салуға – 389 971 мың теңге, Береке ауылында автомобиль жолдарын салуға – 210 409 мың теңге бөлінетіндігін талдап түсіндірді.
Аудандық бюджеттің нақтыланған жобасында 2019 жылдың 1-ші қаңтарына қалыптасқан – 92 357 мың теңге көлеміндегі бюджеттің бос қалдығы, келесі шығындарды қаржыландыруға бағыттау көзделген, оның ішінде: жалпы сипаттағы қызметтерге – 26 661 мың теңге, оның ішінде Ақжайық ауылдық округі әкімі аппараты іске асыратын № 001 «Ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасына «Е-Халық» ақпараттық жүйесін оқытуға – 40 мың теңге, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі іске асыратын № 113 «Жергілікті бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасына ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы трансферттер бөлуге – 25 286 мың теңге, оның ішінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге Сарайшық ауылдық округі бюджетіне – 1 000 мың теңге және Махамбет ауылдық округі бюджетіне – 9 558 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға Махамбет ауылдық округі бюджетіне – 14 728 мың теңге, аудандық экономика және қаржы бөлімі іске асыратын № 015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасына компьютерге процессорлар сатып алуға – 340 мың теңге, аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі іске асыратын № 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасына көрме өткізу, іссапар және семинарға қатынасу шығындарын қаржыландыруға – 757 мың теңге және № 003 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары бюджеттік бағдарламасына бөлімді компьютермен қамтуға – 238 мың теңге қарастырылған.
Ауданның 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетінің нақтыланған жобасы жоғарыда баяндалған өзгерістерге сәйкес мынадай көлемде бекітуге ұсынылды: 2019 жылға кірістері-8 517 600 мың теңге, ал шығындары-4 968 572 мың теңге.
Сессияда басқа да қаралған мәселелер бойынша қаулы жобасы алынды.
Н.ТЕЛЬМАН.