«Іскер ана» жобасы жаңа іс бастауға мүмкіндік береді

Бизнеске ұмтылған әйелдер.

Әйелдерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, сол арқылы өз істерін бастап, мақсаттарын айқындап, алға қарай дамуларына қолдау көрсетуге бағытталған «Іскер ана» жобасына қатысушылар саны жылма-жыл артып келеді.

trening090920

Махамбет аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің қолдауымен, «Таң» қолдау және даму қоры мен «Ғасыр» оқу орталығының ұйымдастыруымен «Іскер ана» жобасы аясында қыз-келіншектерге арналған бір күндік шеберлік сыныптары мен психологиялық, бизнес-тренингтер өткізілді. Кәсіп ашуға ниет білдірген көпбалалы, жалғызбасты, мүгедек бала асырап отырған аналарға бет әрлеу негіздері мен практикалық түрде тағамдар дайындау үйретілді.

tre-9920-3

tre090920-2

- Бұл жоба жыл сайын облыс бойынша ұйымдастырылып келеді. Бұрын бір аптаға созылатын шеберлік сағаттары биылғы жылы елдегі жағдайға байланысты қысқа мерзімде өткізілді. Жоба алға қарай да өз жалғасын табатынына сенім білдіре отырып, ерекше қолдау көрсеткен кәсіпкер Махфуза Кенжегалиева ханымға алғысымызды білдіреміз,- дейді аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы П.Таңатова.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521