Сотталғандардың мекен-жайлары тексерілуде

«Учаске » атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

2020 жылдың қыркүйек айының 7-сі мен желтоқсан айының 1-і аралығында 01.10.2014 жылғы № 662 бұйрығының 26 қосымша Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 3 бөлігінің 19 тармағының 6 тармақшасына сай, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 04.09.2020 жылғы № 215 н/қ бұйрығы бойынша Махамбет аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімімен бірлескен жоспар құрылып, аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған сотталғандар тексерілуде.

Мұндағы басты мақсат - есепте тұрған бас бостандығын айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты, қылмыстың қайталануын уақтылы және олардың тұрғылықты жерлері, әкімшілік деректер базасы бойынша анықтау.

Осы шара барысында Махамбет аудандық пробация қызметі есебінде тұрған барлық сотталғандардың материалдық-тұрмыстық жағдайы, нақты қайда және кіммен тұратындығы, тіркелу орны, тұрғылықты жері болу тексерілуде.

Аталған іс-шара 1-ші желтоқсанға дейін жалғасады.

А.Молдашева,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД Махамбет аудандық

пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз