Қазақстанның халықаралық аренадағы белсенді ұстанымы мен бейбіт бастамаларды қолдауы – еліміздің жауапты және сенімді серіктес екенін тағы бір дәлелдейді.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, әлемдегі күрделі өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер кезеңінде алыс-жақын мемлекеттермен өзара сыйластыққа негізделген ынтымақтастықты дамыту – Қазақстан үшін стратегиялық маңызды бағыт.
Бүгінде халықаралық қатынастардың жаңа архитектурасы қалыптасып жатқан тұста Қазақстанның көпвекторлы саясаты елдің экономикалық, саяси және мәдени байланыстарын кеңейтуге мүмкіндік беруде. Бұл саясат аймақтар мен аудандардың дамуына да тікелей әсер етеді. Өйткені жаңа серіктестік, инвесторлар тарту, ортақ жобаларды жүзеге асыру – ел көлеміндегі барлық өңірдің өсіп-өркендеуіне жол ашады.
Халықаралық ынтымақтастықтан туындайтын мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық дамуды жалғастыру – біздің ортақ міндетіміз. Елдің тұрақтылығы мен прогресіне бағытталған әр бастама – ауданның да жарқын болашағына сеп болатыны анық.
Сондықтан Мемлекет басшысының халықаралық серіктестікті бағалауға және нығайтуға қатысты айтқан ойлары – біздің де жұмысымызға бағдар, дамуға деген жаңа серпін береді.
Г.Жолдаақали


