Цифрлық теңге – уақыт талабына сай жаңашыл шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында цифрлық теңгені мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге енгізу мәселесін ерекше атап өтті. Бұл – еліміздің экономикалық жүйесін заманауи бағытқа бейімдеп, жаңа технологияларға негізделген қаржы моделін қалыптастыруға арналған нақты қадам.

Цифрлық теңге тек төлем құралы ғана емес, ол – экономикалық айналымдағы ашықтықты арттыру мен қаржы ресурстарын тиімді басқарудың тетігі. Мемлекет тарапынан криптоактивтерге назар аудару – еліміздің жаһандық қаржы жүйесіндегі орнын нығайтып, инновациялық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Жолдауда айтылған бұл бастама еліміздің цифрлық болашағын айқындайтын, экономиканы жаңа сапалық деңгейге көтеретін маңызды бағдар деп есептейміз. Уақытпен бірге жаңарып, дамуды мақсат еткен Қазақстан үшін мұндай бастамалар – өркендеудің кепілі.

Д.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT