Жаңа Конституция жобасын талқылауға байланысты Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық топ мүшелері ауданымызда келіп, жұртшылықпен кездесті.
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Асхат Аймұратов ашып, жаңа Конституция жобасын талқылауға орай халықпен жүздесуге келген Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық топ мүшелерін таныстырды. Атап айтсақ олар Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ақсақалдар кеңесі төрағасы Қосыбаев Кеңес Темірұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Сапанов Сайполла Жұмабайұлы, Х.Досмұхамедов университетінің басқарма аппаратының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Гүлфайруз Қайырғалиева болды. Бір топ сарапшылар жаңа Конституция жобасы туралы өз ойларын ортаға салды. Онда «Адал азамат», «Заң мен тәртіп», халық кеңесін құру, конституциялық референдум өткізу жайына тоқталды. Сонымен қатар жасанды интеллект, ұлттық рух, ұлттық сезім, отаншылдық, бұрын қабылданған Ата Заңдар туралы, қазіргі қабылданғалы отырған Конституция жайын да айта кетті. Спикерлер залдан қойылған сауалдарға жауап берді.
А.Қуанышқалиева
Ғылыми-сараптамалық топ мүшелері ауданда
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 18


