Инфекцияның таралуы төмендемей тұр

Үйде отырып шаршаған халық, блок-бекеттер ашыла сала, қалаға ағылды. Кей аудандарда дерттің ушығуына байланысты қайтадан карантиндік мерзім ұзартылғаны белгілі.

Мейрамханаларда, үйде отбасылық мерекелерді өткізуге рұқсат берілгенмен де, ұлан-асыр қылып той жасап жатқан халықтың қарасы қалың емес. Сондай-ақ, көпшіліктің қатысуымен өтетін діни шараларда санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізуге рұқсат етілген еді. Негізінен өзіміздің ғана емес, ағайын-туыстың денсаулығына зиян тигізбеу үшін үйде отырған абзалырақ деп есептеймін. Өйткені, әлі де инфекцияының таралу көрсеткіші төмендеймей тұр.

Күнделікті әлемде, елімізде болып жатқан жаңалықтарды қалт жібермей қарап отырамын. Сонда байқайтыным, коронавирус инфекциясын жұқтырушылар саны көбеймесе, азаймай тұр.

Бірақ бір қуантарлығы, жазылып шыққандардың саны басым. Бұл қиындық уақытша деп есептеймін. Бастысы, қойылған талаптарды сақтап, тәртіпке бағынсақ, бұл індетті жеңерміз.

Айтқали БАГИТОВ,

Зейнеткер-ұстаз

Cурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT