Індеттен сақтанудың қарапайым әдісі –себепсіз үйден шықпау

Елімізде короновирус індеті жайлағалы бері, осы дерттен сақтану үшін адамдардың түрлі наным-сенімнің күшіне сене бастағанын басылым беттерінен оқып жүрміз.

Сарымсақ пен пияз вирустан қорғайды деп сенген тұрғындар, дүкен сөрелерінде түк қалдырмай сатып ала бастаған. Соның салдарынан сарымсақтың бағасы күрт шарықтады. Көп ұзамай, дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында сарымсақтың коронавирустан сақтайтын ерекше қасиеті жоқ екені жарияланды. «Жалпы сарымсақ- микробтарды өлтеретін қасиетке ие. Алайда оның коронавирус індетінен қорғай алатыны жөнінде қазір еш дерек жоқ» делінген жазбада.

Қазақтың «бәрінен де қой бағып, құйрық жеген озады» деген ұстанымын алға тартып, індетке шалдыққандар қой еті мен сорпасын ішсе жазылады деген ақпараттар да тарай бастады. Сақтық шаралардың тағы бір түрі-адыраспан түтету. Бұрын қара базарда алдыраспанның бір бумасы 200-250 теңге болса, оның да бағасы шарықтап, 450-500 теңгеге жетіпті. Бұл адыраспан түтетушілердің көбейгенін көрсетеді. Халық адыраспанды коронавирустан қорғану үшін ала бастаған.

Жалпы наным-сенімге көп сенім арта бермей коронавирустан қорғанудың ең дұрыс жолы- жеке бас гигиенасын сақтау екенін ескерген жөн. Санитарлық дәрігерлер айтқандай қолды жиі сабындап жуу, маскалық режимді бұзбау және карантиндік талаптарды сақтау, сіздің ғана емес, жақындарыңыздың да өміріне қауіп төндірмейді.

Сақтанудың ең қарапайым әдісі, себепсіз үйден шықпау екені анық.

З.ӨМІРБЕКОВА,

ардагер- ұстаз

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT