Ағымдағы жылдың маусым айының 17-18 күндері аралығында аудан көлемінде жергілікті полиция қызметі «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.
Мақсаты – кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау және алдын алу. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жедел-профилактикалық іс-шарасына мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткізілді.
Іс-шара кезінде белгіленбеген орындарда суға түскен 6 тұрғынға және түнгі мезгілде заңды өкілінсіз жүрген 4 жасөспірімнің ата-аналарына ескерту берілді.
Бөлімнің профилактикалық есебінде тұрған жайсыз отбасылар мен кәмелетке толмағандар мекен-жайларынан тексеріліп, олардың тарапынан құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сонымен алға қарай да ювеналды полиция тобымен рейдтік жұмыстар күнделікті жалғасатын болады.
Ж.Ділмағамбетова,
Махамбет ауданы полиция бөлімі жергілікті
полиция қызметінің ювеналды полиция тобының учаскелік
полиция инспекторы