Аудандық сотта АПК-ға енген өзгерістер дөңгелек үстелде талқыланды

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Қазақстан Республикасының Президенті "Азаматтық процестік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды, аталған өзгерістерді талқылау мақсатында Махамбет аудандық сотының төрағасы м.а. А.У.Ергазиева дөңгелек үстел өткізді.

Шараға аудан прокурорының орынбасары Д.Жумагалиев, аудандық қорғаушы Х.Даулетов, судья С.Амантаев, кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты. Судья С.Амантаев өз баяндамасында аталған өзгерістер соттар жұмысының заманауи форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелерін қозғады.

s

Атап айтқанда, азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, істің толық және уақтылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылатынынсөз етті.

Сонымен қатар процестік Кодекске енгізілген өзгерістердің ең негізгілерінің бірі - соттың азаматтық процестегі белсенділік рөлінің артуы, тараптардың сот процесінде жарыспалылығы мен тең құқықтылығының мазмұнына тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісумен қатар жұмыс барысында туындайтын мәселелі сұрақтарды да талқылады.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521