Гүлфайруз – жеңімпаз

Гүлфайруз – жеңімпаз

Аудандық орталық кітапханада қазақ халқының ұлттық құндылықтарын ұлықтауға арналған «Әдептілік – дәстүрден» атты мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өткізілді.

Оны аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Аруев сайыстың мақсатына тоқталды.

–Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлтымыздың ұлы құндылықтарын кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру, үлгі ету, оның тәлімдік, тәрбиелік маңызын арттыру мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Мұндай шаралар жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа тәрбиелейді,–деді ол.

Екі кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдерді жалғастырды.

Нәтижесінде Жалғансай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Р.Мұхышева ІІІ орынға, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Қ.Лұқпанов ІІ орынға, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Г.Төлегенова І орынға ие болды. Қалған қатысушыларға алғыс хат табыс етілді.

Қазылар алқасының мүшесі, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Ж.Мұғауова мен Бақсай ауылдық мәдениет үйінің басшысы Қ.Қазымбекұлы жастарды ана тілін қадірлеуге, дәстүрді дәріптеуге шақырды.

Б.СҮЙЕУОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521