Бас имам Бейбарыс ауылы тұрғындарымен кездесті

Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы сапар барысында жергілікті Қасым хан мешітінің жамағатымен кездесті.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Махамбет ауданының Бейбарыс ауылына жұмыс сапарымен барды.

Орталық “Иманғали” мешіті баспасөз-қызметінің мәлімдеуінше, Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы сапар барысында жергілікті Қасым хан мешітінің жамағатымен кездесті.

i

Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы ауыл үлкендерінің ел бірлігінің ұйытқысы екендігін атап өтті.

"Еліміздің ынтымағы жолында бірлесе еңбек етуіміз керек. Қарты бар елдің қазынасы бар. Мешіттерімізде алдынғы сапта ақсақалдарымыз жүрсе, үлкеннің сөзінен әрі үйде, әрі мешітте тәлім алып өскен ұрпақтың болашағы да жарқын болады" деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

"Жайық-Ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521