Гүлфайруз Төлегенқызы - «Үздік мемлекеттік қызметші» атанды

Гулфайруз Төлегенқызы"ҚР Үздік мемлекеттік қызметші" конкурсына қатысып, облыстық кезеңнен жеңімпаз атанды.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін «ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсына қатысып, аудан намысын қорғаған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру даярлығы және мемлекеттік қызмет сапасын бақылау бөлімінің бас маманы Гүлфайруз Төлегенқызы облыстық кезеңнен жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алды.

Байқауға өңірімізден 24 мемлекеттік қызметші қатысқан болатын. Осыншама қатысушылардың арасынан оқ бойы озып шыққан жерлесіміз Г.Төлегенова :

-Конкурстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларын меңгерген, Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру болып табылады. Конкурстың талабы бойынша мемлекеттік қызметте еңбек өтілі бір жылдан кем емес, алынбаған әкімшілік және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілерге қатысуға жол беріледі. Конкурс ережесіне сәйкес, 30 мамыр күні 24 мемлекеттік қызметшіге WhatsApp желісі арқылы кейстік тапсырмалар жолданып, 3 маусым күні конкурстың өңірлік комиссиясының отырысы өткізілді. Комиссия отырысында «Неге мен үздік мемлекеттік қызметші атағына лайықпын?» тақырыбында жазған эсселеріміз және кейстік тапсырманың жауаптары бағаланды. Комиссияның қорытындысымен Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Аманбайұлы, Атырау облысы бойынша соттар әкімшісінің талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Мирас Ғабдолхайпұлы үшеуміз республикалық кезеңге жолдама алдық. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік деп білемін, – дейді.

Алдағы республикалық кезеңде облысымыздың намысын қорғайтын жерлесімізге тек сәттілік тілейміз!

К.САПАРҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT