Махамбет аудандық сотының төрағасы Б.Қадырғалиев Жоғарғы сот төрағасы Ж.Асановтың Қазақстандағы медиация институтын одан әрі дамытудың келешегін, соттан тыс және сотқа дейін дауларды реттеу институттарын мемлекеттік реттеу тетіктерін, сондай-ақ медиацияға қатысты өзекті мәселелерді талқылау мақсатында аудандық билермен кездесу өткізді.
Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлайды. Іс-шараға аудандық соттың судьясы С.Амантаев, Махамбет ауданы бойынша билер кеңесінің төрағасы С.Шотпақов және оның мүшелері С.Жұмалиева, Ж.Мұғауова (whatsapp) желілері арқылы, М.Ещанов, Р.Әженов, Ж.Дүйсембаев, сондай-ақ Махамбет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы М.Тасмағамбетова қатысты.
Шара барысында сот төрағасы дауды сотқа дейінгі реттеу бойынша міндетті рәсімдерді бекітуді, әрі қарай дамытуды қолға алуды, билердің жұмысын қайта жандандыруды тапсырды. Судья С.Амантаев өз баяндамасында еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып, сондай-ақ, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін, тоқтатылған міндетті әлеуметтік төлемдер бойынша соттарға түскен талап-арыздарға түсіндірме жүргізу жұмыстарын мемлекеттік органдармен жалғастыруды алға тартты.
Сонымен қатар, аудандық билер мүшелері каратин режиміне қарамастан сотқа дейін бірнеше даудамайдардың татуласумен реттелгенін айтып, мысалдар келтіріп, дауды сотқа дейін реттеу уақыт пен қаржыны үнемдеуге, ең бастысы, достық серіктестікті сақтап қалуға мүмкіндік бергенін айтып өтті.
Кездесу соңында сот төрағасы қатысушыларға алғысын білдіріп, билер жұмысын қайта жандандырып, қолға алуды, билер мүшелерін қайта толықтыруды тапсырды.