Осындай атаумен Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде Атырау облысы ҚХА қолдауымен Ақтоғай ауылдық округінің Аналар кеңесі шара ұйымдастырды. Оған сала еңбекккерлері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бір мекемеде табан аудармастан ұзақ жыл еңбек еткен әйел-аналарға құрмет көрсете отырып, олардың тәжірибелі еңбек жолын үлгі ету, тұрақтылық пен табандылықты дәріптеу, мамандыққа адалдықты насихаттау мақсатында өткен мерекелік іс-шарада білім беру және мәдениет саласының ардагерлеріне құрмет көрсеткен Ақтоғай ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Бақтылы Қарабасова кеш қонақтарын Алғыс хат және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Өз кезегінде ұйымдастырушыларға кеш қонақтары атынан ризашылық білдірген сала ардагерлері – Орынша Шолахова, Роза Сүгірова еңбек жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісті.
Ал, ауылдың өнерлі жастары – Назерке Ахметова «Анама» әнін, Әйгерім Құсайынова «Балбырауын» күйін орындап, қатысушыларға мерекелік көңіл- күй сыйлады.
А.БАҚТЫГЕРЕЙ,
Махамбет ауылы