Астанадан жеткен ақжолтай хабар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік ауыл әкімі» атты республикалық байқауы қорытындыланды.
ҚР «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының мұрындық болуымен өткен республикалық байқауда Махамбет ауданы Жалғансай ауылдық округінің әкімі Ғибрат Мырзағали І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып, ауылды дамытуда атқарған көп жылғы еңбегі үшін «ҚР үздік ауыл әкімі» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.
-Бұл байқаудың басты мақсаты - Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру. Мемлекеттік қызметте кәсіби іскерлік танытып, елдік істерде шашау шығармай лайықты қызмет атқарып жүрген ауыл әкімдерінің еңбегін қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі етудің озық үлгісін көрсеткен ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Менің алған марапатым - Махамбет ауданының барлық мемлекеттік қызметкерлерінің абыройы,-дейді Ғ.Мырзағали.
Астана төрінен төсбелгі тағынған атыраулық шенділер арасында Исатай ауданы Қамысқала ауылдық округі және Құрманғазы ауданының Құрманғазы және Нұржау ауылдық округі әкімдері бар.
Қ.БАҒЫТ