Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған "Қазақстан - әр ұлттың достық мекені" атты мерекелік шара өткізілді.
Мерекелік шараға қатысқан ауылдық округ әкімі Есім Муратов тұрғындарды мерекемен құттықтады.
-1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! – деді ауыл әкімі.
Мерекеге орай мәдениет үйі жанындағы халықтық " АруАна" әжелер ансамблі өз өнерлерін көрсетті. Қазақстан композиторлары мен халық әндерін шырқаған әжелерге көрермен ризашылықтарын білдірді.
Өз тілшіміз