Басылымға белсенді жазылдық

Газет – адамға рухани азық сыйлайтын ең маңызды құндылық. Оның ішінде аудандық басылым – бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде өзіміз үшін ерекше ыстық.

 Мерзімді басылым қашанда өзінің қалың оқырманымен құнды. Сол көп оқырманның бірі ретінде сүйікті газетімізден жақсы жаңалықтар, тұщымды мақалалар күтеміз. Әр санын асыға күтіп оқимыз. Газет тілшілерінің жан-жақты жазылған мақалалары кім- кімге де ой саларлықтай. Шығып жатқан мақалалардың бәрі де көңілге қонымды. Ба­сылым кітапханаға әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Өткізген кештерімізді, кездесу, сайыс, «дөңгелек үстелдерге» журналистер қатысып, үнемі ақпараттық қолдау көрсетеді. Осы ынтымақтастығымыз жылдан-жылға жалғасын тауып келеді. Сол себептен біз Махамбет аудандық орталық кітапхана ұжымы көп жылдан бері ұжым болып, «Jaiyk shugylasy» газетіне жазылып келеміз. Биыл да аудандық басылымға түгелдей жазылдық. Жазылу белсенді түрде жүргізілді. Жергілікті басылымға жазар жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын дей отырып, барша махамбеттікті аудандық газетке жазылуға шақырамын.

Шынар ИЗМАҒАМБЕТОВА,

аудандық орталық кітапхана директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521