«Жайық шұғыласы» газетінің кезекті жазылымына ұжым болып, бірауыздан атсалыстық.
Оның үстіне редакцияның тиімді бағада, балама жазуды қолға алғаны да көңілге қонымды болып отыр. Халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелер мен хабарларды, тағайындаулар мен құттықтауларды, еңбек адамдары мен ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың сан қилы өмір жолдарын да «Жайық шұғыласынан» оқып, танысамыз.
Қызмет барысында, үйде де газеттен, оның әлеуметтік желідегі парақшаларынан керегімізді алып, біліп отырған соң, әр үйге аудан айнасы артық етпейді деп ойлаймын. «Бір үйге бір газет жеткілікті» деген қағиданы қолдамаймын. Себебі, көптеген өркениетті, дамыған елдерде газетті тек үлкендер ғана емес, балалар да жарыса оқиды. Осы үрдіс бізде де қалыптасса, сөздің парқын түсінетін сауатты ұрпақтың қатары толысар еді.
Ажар Қабдолова,
аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық
хал-актілерін тіркеу бөлімінің басшысы