Галина ЮН: «Қазақ елінде тұрғаныма мақтанамын»

Галина ЮН: «Қазақ елінде тұрғаныма мақтанамын»

Ең алдымен еліме, ата-анама алғысымыз шексіз.

Мен Галина Юн корей ұлтының өкілімін. Мен әкем Олег пен анам Татьянаның отбасында 1975 жылдың 24 сәуірінде өмірге келгенмін. Өзім О.Шонаев атындағы орта мектепті бітірдім. 1992-1994 жылдары сатушылар даярлайтын оқу орнында оқыған едім. 2002 жылы Махамбеттегі «Шолпан» балабақшасына тәрбиешінің көмекшісі болып, жұмысқа кірдім. Бүгінде сол бөбекжайда еңбек етіп келемін. Ұлтым өзге болса да қазақ тілін жетік меңгерген жанмын.

Мен аудан көлемінде ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шараларға белсене араласып жүрмін. Мақтанғаным емес, менің жұмысқа деген жауапкершілігім жоғары, өте еңбекқор жанмын. Маған балабақшада балалармен жұмыс істеген қатты ұнайды. Шаңырақта Олег атты ұл тәрбиелеп, өсіріп отырмын. Бүгінде балам Олег Атырау қаласындағы ТО СС-Ті(СиСИ-Ти) компаниясында өнім сапасын бақылау жөніндегі инспектор қызметінде.

Өз басым Қазақстанда тұрғаныма мақтанамын. Жалпы ең алдымен еліме, ата-анама алғысым шексіз.

Галина Юн,

«Шолпан» бөбекжайының қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз