Аудан әкімі 1 наурыз -Алғыс айту күнімен құттықтайды

Құрметті махамбеттіктер!

Құрметті махамбеттіктер!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – кең пейілді қазақ халқына қанмен дарыған мейірім мен бауырмалдықтың, қайырымдылық пен жанашырлықтың салтанат құрған күні. Тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударылған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді. Бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарымқатынастың өнегелі өлшеміне айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастыра білді. Ежелден ерлік пен елдіктің өлкесі саналатын киелі ауданымызда 19 түрлі ұлт өкілдері жергілікті қазақ халқымен тату-тәтті тіршілік кешіп жатқаны бірлік пен ынтымаққа негізделген берік құндылықтарымыздың біріктіруші күшке айналып, әр қазақстандықтың жүрегіне еліміздің болашағына деген нық сенім мен жауапкершілік сезімін ұялатқанын көрсетеді. Қазіргі буын, әсіресе жастар, тарихтан тағылым алуы керек.

Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын мереке құтты болсын!

Әр отбасыға бақ-береке, елімізге татулық пен тыныштық тілеймін!

Р. ДЖАНГЛИШОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз