Ескі жылдан ерулік

Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай, облыс орталығындағы Құрманғазы мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында Ақжайық ауылдық округінің әкімі Сайлау Жұмағалиев Елбасының қолы қойылған «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды.

Бұл төсбелгіні жерлесіміздің өңіріне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қадады.

- Бұл маған ит жылының тарту еткен ерекше сыйлығы болды деп есептеймін. Бір ауылдың әкімі болып еңбек еткеннен кейін, сол ауылдың бүкіл жауапкершілігі өзіңнен сұралады. Бүгінде ауылымыз гүлденіп, дамыған ауылдардың қатарынан саналады. Табиғи газ, таза ауыз су, жазғы су барлығы да халыққа қолжетімді. Жолдарымыз асфальтталған, жаяу тұрғындар үшін тротуар да салынып қойылды. Салауатты өмір салтын ұстанамын деген тұрғындар үшін спорт кешені де жаңартылып салынуда. Мұның барлығы біріншіден, тәу етер тәуелсіздігіміздің, екіншіден, ауыл халқының ауызбіршілігінің арқасында жүзеге асуда. Келер жылға құрулы тұрған жоспарларымыз да жетерлік. Тынымсыз еңбектің арқасында Ақжайық ауылын бұдан да жоғары нәтижелерге жететін болады. Ең бастысы еліміз тыныш болғай! – дейді С.Жұмағалиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз