Алдағы жылдан күтерім көп

Әсембек Лұқпанов, Е.Ағелеуов атындағы Махамбет орта мектебінің информатика пәні мұғалімі.(1995):

-Мен жаңа жылды жаңа күн, жаңа өмір деп білемін. Бұл атаулы күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға шуақ, нұр шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та мерекелік кештен келесі жаңа жылға дейін жүрегімізде есте қалатындай бір сезімді себелейміз. Ол сезім бізді келесі жаңа жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Доңыз жылы әр шаңыраққа құт-береке, ырыс әкелсін.

Өткен жылдың өкпе-назын, өкініш-мұңын, қиындығын бір сәтке естен шығарып, оны ескі жыл еншісіне қалдырып, жаңа 2019 жыл табалдырығын асқан махаббатпен, мейірімділікпен аттайық, бізді тек алда қуаныш пен бақыт күтіп тұр деп сенейік.

Мен үшін өткен ит жылы елеулі істермен, жарқын сәттермен есте қалды. Өзім дәріс беретін мектепте, Жастар ресурстық орталығында азын-шоғын марапаттарға ие болғаным рас.

Өтіп бара жатқан Ит жылы мен үшін жаман жыл болған жоқ. Өмірімде де, жұмыста да жағымды, жақсы жаңалықтар көп болды деп ойлаймын. Жалпы өткен жылға артар өкпем жоқ. Әр жыл өз жаңалықтарымен енеді.

Жаңа 2019 доңыз жылынан әлі де менің күтерім көп. Өзім 1995 доңыз жылы өмір есігін ашқандықтан бұл жылдан ерекше жаңалықтар мен жетістіктерге жетемін деп ойлаймын.

Әр шаңырақтарыңыз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын. Бәріңізге шексіз қуаныш, мол бақыт, толағай табыс әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT