Есірткі – қоғамды күйрететін қатер

Қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі – есірткіге тәуелділік. Әлемде де, елімізде де бұл құбылыс жас ұрпақтың денсаулығына, болашағына үлкен қауіп төндіріп отыр.

 Есірткінің жеңіл қызығушылықтан басталып, ауыр зардаптарға әкелетіні өкінішке орай жиі кездеседі. Сондықтан бұл мәселені ашық талқылап, оның зиянын түсіну – әрбір азаматтың міндеті.

Есірткінің адам ағзасына әсері өте қатты және тез байқалады. Ол ең алдымен орталық жүйке жүйесін зақымдайды, адамның ойлау қабілетін әлсіретіп, сана-сезімін тұмандандырады. Физиологиялық жағынан тәуелділік қалыптасып, адам өз өмірін бақылау мүмкіндігін жоғалтады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда, есірткі қолданатын адамның отбасы, жұмысы, оқуымен қарым-қатынасы қиындайды. Бұл тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның проблемасына айналады. Есірткі саудасы, қылмыс, тұрмыстық жанжалдар – барлығы осы зиянды заттың әсерінен күшейеді.
Жастар арасында «бір рет көрсең ештеңе болмайды» деген жалған түсінік таралған. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, дәл сол бір рет – ауыр тәуелділіктің бастамасы болуы мүмкін. Есірткіден пайда жоқ, тек уақытша алдамшы сезім бар, ал нәтижесі – денсаулықтың бұзылуы мен өмірдің күйреуі.

Есірткі – адам өмірін бұзатын, денсаулықты жоятын, қоғамға зиян келтіретін қауіпті жау. Одан сақтанудың ең тиімді жолы – мүлде қолданбау, зиянын түсініп, саналы таңдау жасау. Жастарды дұрыс бағытқа тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау және қолдау көрсету – есірткі мәселесін азайтудың басты тетіктері. Әр адам өзінің және жақындарының болашағы үшін есірткіден алыс болғаны жөн.

 

Г.Сәдуақасова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT