Президенттің 2025 жылғы Жолдауы – еліміздің цифрлық дәуірге қадам басудағы маңызды стратегиялық құжаты. Жолдауда жасанды интеллектті дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және цифрландыруды тереңдету арқылы Қазақстанның жаңа экономикалық бағытын айқындап берді. Әсіресе ЖИ саласын реттейтін «Digital Code» қабылдау бастамасы уақыт талаптарына толық сай келеді.
Сонымен бірге ЖИ енгізу кезінде ең басты назар аударар мәселе – цифрлық теңсіздікті азайту. Қалалық және ауылдық аймақтар арасындағы инфрақұрылым, интернет сапасы мен кадр даярлығы тең болуы қажет. Егер әрбір аймақ цифрлық мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізсе, Жолдауда көрсетілген реформалар шын мәнінде барлық қазақстандыққа пайдалы болмақ.
Жалпы алғанда, Жолдау – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды бағдар. Ендігі міндет – айтылған бастамаларды сапалы жүзеге асыру.
Ж.ЖОЛАМАНОВА,
Зейнеткер


