Сайлау-2021: Үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кірісті

Сайлау алдындағы ең маңызды кезең – үгіт-насихат науқаны.

11 желтоқсан күні ресми түрде ашылған «Nur Otan» партиясының Махамбет аудандық филиалының сайлауалды штаб арқылы бекітілген желілік кестеге сәйкес «Есіктен есікке» акциясы аясында үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кетті. Олардың мақсаты – үй-үйді аралап, сөз бен істің қатары жүруін күтетін халыққа партияның 2025 жылға дейінгі қабылдаған бағдарламасын түсіндіріп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей қатысуға шақыру.

sailau12122020-1

Махамбет аудандық мәслихаты депутаттығына партия тізімімен ұсынылылған кандидаттар Еркебұлан Кенжеғалиев, Эльмира Еспусинова және Баян Сүйеуовалар аудан тұрғындардың үйлеріне барып, бағдарламада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізер шаралар қамтылғанын түсіндірді.

sailau12122020-4

- 60 пәтерлік 4 үйдің, 36 пәтерлік 3 үйдің салынуына, Сарытоғай, Сарайшық, Ақтоғай, Жалғансай ауылдарының ауылішілік жолдарының салынуына, ауданнан 300 орындық интернаты бар 600 орындық мектептің салынуына ықпал етуге, сондай-ақ жастарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау, тарих пен мәдениетті дамыту бағытында көптеген салаларды қамтитын шараларды қамту бойынша бағдарламада нақты жазылған. «Нұр Отан» партиясы өзінің бағдарламасын жүзеге асыратын болса, халықтың сенімінен шығатынына 100 пайыз сенімдімін. Сондықтан да, ауылдастарды «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамын,- дейді мәслихат депутаттығына үміткер Баян Сүлейменқызы.

s

Айта кету керек, үміткерлерге сайлауалды штабтың жанынан құрылған «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері ерікті түрде көмек көрсетеді.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Махамбет ауданының

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT