Жергілікті полиция қызметі ғимаратында «Есепте тұрған» республикалық профилактикалық іс-шарасына орай дөңгелек үстел басындағы кездесу ұйымдастырылды.
Оған пробация қызметінің инспекторлары, аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары, пробация есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар қатысты.
Кездесуді ашқан аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Н.Қабдолов «Есепте тұрған» республикалық іс-шарасы аясында жедел штаб құрылып, жоспары жасақталып, ішкі істер органдарының жетекші бөлімдерін, арнайы мекемелерді, учаскелік полиция пункттерін іздестіруге жарияланған адамдардың тұрған жерін анықтау, есепте тұрған адамдарға бақылауды күшейту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. ІІО бөліністері қызметкерлерімен мобильді топтар құрылып, іздеуде жүрген сотталғандардың тізімі жасақталғанын қаперледі. Аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Алмас Төлеген жұмыссыз азаматтарды кәсіпкерлікке оқытуға, жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бар екеніне тоқталды. Күні бүгін пробация қызметі бөлімшесінен 19 адамға сұраныс түсіп, оның 10-ы ғана тіркелгенін, 2 адам мамандық курстарында оқыса, бір адам ақылы қоғамдық қызметте жүргенін атап өтті.
А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА.