ЕРЛІК ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған тағзым шарасы өтті

9 мамыр күні Махамбет ауылындағы Ардагерлер аллеясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай “Боздақтар” ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға аудан әкімдігі, аудандық маслихат, аудандық сот, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім, дербес бөлімдермен мекеме ұжымдары, білім беру және мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев ескерткіш алдына гүл шоғын қойып, майдан даласында ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті. Өз сөзінде:

«Ұлы Жеңіс – бүгінгі бейбіт өмірдің бастауы. Бұл – батыр бабаларымыздың жанқияр ерлігі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жемісі. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз» – деді.

Бейбіт өміріміз бен бостандығымыз үшін күрескен ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың, аталарымыз бен бабаларымыздың алдында басымызды иеміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT