Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Махамбет ауданының тұрғындары!

Сіздерді тарихымыздағы ең қастерлі мерекелердің бірі – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Отан соғысында біздің халқымыз қайсарлық пен ерліктің, бірлік пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Сол сұрапыл жылдары майдан мен тылда жан аямай еңбек еткен аталарымыз бен апаларымыздың ерен еңбегі – бүгінгі бейбіт өміріміздің негізі.

Ардагерлерімізге құрмет – елге құрмет. Сол ерлік рухы бізді әрдайым ынтымақ пен бірлікке, елге адал қызмет етуге жетелей берсін.

Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға тыныштық, елге береке тілеймін!

Құрметпен,
Махамбет ауданының әкімі
Қайрат Нұрлыбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT