Ерекше балаларды аялаған Альбина

Ел Президенті Қ.Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инклюзивтілікке қатысты тапсырма берді. Ол « Тұрақты даму­ды, инклюзивтілікті және білімдегі теңдікті қамтамасыз ету үшін 15 базалық аймақтық университеттерді түбегейлі жаңарту қажет. Олар таланттарлы тартуды, аймақтық орталықтардың рөлін атқаруы керек» деген еді.

Қазіргі уақытта дамуында ақауы бар ерекше балаларға білім беру арнайы маманның көмегінсіз мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз. Сондай ерекше балалармен қоян- қолтық жұмыс жасап жүрген О.Шонаев орта мектебінің дефектолог- маманы Бекесова Аль­бина Қалыбекқызы туралы әңгімелемекпіз.

Альбина Қалыбекқызы Индер ауданында өмірге келген. Әкесі Қалыбек Бекесов Теңіз кенішінде бригадир болып, қызмет етеді. Ал анасы Гульсая Бекетова Махамбет ауруханасында рентген-ла­борант. Альбинаның соңынан ерген екі бау­ыры бар. Ол Индер ауданындағы Көктем қазақ орта мектебін бітірген. Альбина мектепте оқып жүрген кезінен бастап ерекше көзге түсіп, мек­тепте, ауданда өткен байқау, фестиваль, жары­стар, олимпиадаларға қатысып, үнемі жүлделі орындар алған көрінеді.

Ол 2020 жылы Қ.Жұбанов атындағы мемлекеттік Ақтөбе өңірлік университетінің дефектология мамандығын үздік дипломмен аяқтаған. Жоғары оқу орнында білімді жинақтап қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға ұмтылған жауапты, мақсатты студент екенін көрсеткен.

Оқу орнын аяқтаған соң жас маман 2020 жылы О.Шонаев атындағы орта мектепке дефектолог маман ретінде жұмысқа орналасыпты. Жұмыс істегеніне небәрі үш жылдай болса да, жақсы жетістіктерге жетіп үлгерген екен. Ол өз білімін үнемі жетілдіріп, курстарға, байқау, конкурс, фе­стиваль, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтсақ, 2022 жылы Альбина жас педагог қызметкерлерге арналған «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогтар олимпиадасының аудандық кезеңінде жүлделі 1 орынды жеңіп алған. Ал олимпиаданың облыстық кезеңінде жүлделі 2 орынға ие болды. 2023 жылы аудандық педоқулар байқауында әділқазылар құрамында да қазылық етуге қатысқан. Ол дефектолог маман ретінде даму­ында ауытқуы бар ерекше балаларға қатысты түзету жұмыстарын жүргізеді. Балаларға тән ақаулардың құрылымын, ауырлығын анықтау мақсатында оларға тексеру жүргізеді. Дәл осын­дай психофизикалық жағдайы бар балаларды топтарға біріктіріп, жұмыс жасайды. Ол ерекше балалардың ата-аналарымен консультациялар мен әңгімелесулер жүргізеді. Негізі психологиялық процестерді дамытуға бағытталған сабақтарды көп өткізеді(оған қабылдау, зейін, есте сақтау, ой­лау процестері, т.б кіреді). Ерекше балалардың коммуникативті дағдыларын дамытады. Альбина жеке жұмыс жасап, оқушылардың дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан жас маман.

Білікті жас маман жөнінде аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Берікқызы да өз ойын қосты. Ол:

«Альбина білікті, та­лантты, дарынды, жаңашыл жас маман. Өзіне тапсырылған жұмыстарды уақытында орын­дайды. Байқауларға, курстарға да қатысып жүр. Ерекше балалар үшін таптырмайтын тамаша ма­ман деп айта аламын. Жаңашылдығымен де көзге түсіп жүр. Әр ісіне мұқият, шапшаң, дер кезінде орындап жатады. Ата-аналармен де қоян-қолтық жұмыс жасайды. Әр ерекше баланың тілін та­бады. Балалар да біздің Альбина апайымыз деп құрметтейді. Келгеніне үш жылдай болса да, жақсы жетістіктерге жетіп жүрген жас маман деп білемін»,-дейді А.Қабышева.

Иә, соңғы кездері дамуында ақауы бар ерекше балалар көбейді. Ал олардың Альбина сынды білікті мамандарға жолыққаны жөн-ақ.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521