№1 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы 1942 жылы Ұлы Отан соғыс жылдарында панасыз қалған адамдар үшін ашылған.
Сол жылдан бері сан түрлі атаулармен түрлі ғимараттар салынып, қазіргі күні Атырау облысындағы ерекше жандарға арналған үлкен орталыққа айналды. 2016 жылға дейін орталықтың атауы жүйке тамыр аурулары интернаты болып келсе, 2016 жылы Атырау облысы әкімдігінің 12.12.2016 жылғы № 285 қаулысымен мекеменің атауы «Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» болып өзгерді.Орталықта 178 адам жұмыс жасайды, ал 315 қызмет алушылар бар.
2018 жылдың 13 наурызынан бері бұл мекемеде Зинеденова Гульнара Хисметоллақызы басшылық етіп келеді. Басшымыз қарапайым, әркез барлық қызметкерлерге әділ бірдей қарап, қолдап отырады. Қызметкерлердің осындай үлкен дәрежеге жетіп, еңбектерінің еленуі іскер әрі мықты,талапшыл басшы Гульнара Хисметуллақызының арқасы деп білеміз.
Осының дәлеліндей, жақында әлеуметтік сала қызметкерлер күні мерекесіне орай орталықта көп жылдар бойы еңбек еткен бір топ қызметкерлеріміз Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Халық алғысы», «Әлеуметтік сала үздігі» төс белгілерімен, осы министрліктің құрмет грамотасымен және Атырау облысы әкімінің және Атырау облыстық мәслихат хатшысының, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Сондай-ақ орталығымызда да мереке аталып өтті. Оған Атырау облыстық салалық кәсіподағының басшысы Абилов Шыңғыс Ғазизұлы қатысты. Сонымен қатар Орталық басшысының «Алғыс хаттары» және кәсіподақ атынан сыйлықтар табысталды.
Шараға мәдениет үйінің бір топ өнерпаздары келіп, әннен шашу шашты.
Зәмзагүл НҰҒЫМАНОВА,
аталған Орталықтың мәдени шара ұйымдастырушысы