Еңбек ардагерімен кездесті

Ауданымызға белгілі ұлағатты ұстаз, «Еңбек ардагері», «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісінің иегері Әміржан Молдашевпен кездесу ұйымдастырылған-ды.

Мереке қарсаңында Махамбет архивінің бір топ қызметкерлері ардагердің үйіне барып, арнайы құттықтаған болатын.

Әміржан ағаның өмірдеректеріне көз жүгіртсек, Махамбет ауданына қарасты Кеңөріс елді мекенінде туған. Ол Қызылүй орта мектебін соң Гурьев педагогикалық институтының физика-математика факультетіне оқуға түсіп, 1963 жылы бітіргесін еңбек жолын Махамбет мектеп-интернатында мұғалім, аға пионер вожатый болып бастаған.

Ол 1964-1965 оқу жылында Зеленый орта мектебінде өндірістік оқу ісінің меңгерушісі, Махамбет мектеп-интернатында 1965-1966 жылдары оқу ісі меңгерушісінің тәрбие жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Әміржан аға 1995 жылы зейнеткерлікке шыққан. Ол кісі облыстық, аудандық ақындар айтысына қатысып, жүлделі орындар алғанын білеміз.

Әміржан Молдашев ағамыз В.И.Лениннің туғанына 100 жыл мерейтойлық медалімен, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері», «Еңбектегі үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған. Мерекемен құттықтаған Махамбет аудандық архивінің басшысы Ә.Мұхтарұлы ардагердің маңызды құжаттары мен ісқағаздары архивте сақталып тұрғанын еске салды.

А.Сисатова,

аудандық архив филиалының архивисі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз