«Сыйласаңыз кәріңді, жарылқаймыз бәріңді» демекші, ұлағатты ұстаздар мерекесінде біраз жылдар ұрпақ тәрбиелеу саласына үлкен үлес қосып, еңбек еткен ардагер, зейнеткер тәрбиеші Қалжан Нұрқызын «Қызғалдақ» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Ш.Орынбасарова мен кәсіподақ ұйымының жетекшісі А.Аймағанбетова арнайы құттықтап барды.
Қонақтарын жылы шыраймен қуана қарсы алған ардагер ұстаз емен-жарқын әңгіме барысында еңбек жолының қиындығы мен қызығын айтып, біраз сыр шертті. Алдымызда салған сара жолы бар деп сылап, құрметтеп келіп жатқан бөбекжай басшылығына ризашылығын білдірген апамыз ұжымның жұмысына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Ш.Орынбасарова да зейнеткерге арнайы «Алғыс хат» пен естелік сыйлығын табыс етіп, «елдің анасы болып аман отырыңыз» деген жылы лебізін арнады.
А.САТАЕВА