Еңбекшіл ауылындағы су тазарту қондырғысын жөндеуге 147 млн теңге қаражат қажет

Еңбекшіл ауылы

Облыс әкімі «Еңбекшіл ауылының су тазарту ғимараты және селоішілік су құбырлары» мүліктік кешеніндегі су тазарту қондырғысының жұмыстарымен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Мекеме Еңбекшіл ауылын таза ауыз сумен қамтып отыр. Мұнда жазғы су құбырына және су тазарту қондырғысының су құбырына жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүруде. Оны аяқтау үшін 147 млн теңге қаражат қажет.

Аймақ басшысы Есбол ауылдық округі Еңбекшіл ауылындағы құрылысы жүріп жатқан фельдшерлік-акушерлік пунктке де барды. Медициналық мекеме – Еңбекшіл ауылының тұрғындарына білікті мамандардан жиналған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін заманауи медициналық ұйым. Құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимарат 2023 жылдың сәуір айының соңында халық игілігіне берілмек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз