Алға ауылдық округі әкімдігі ғимаратының қабырғасы жарылып, төбеден су ағып тұр

Алға ауылдық округі әкімдігі

Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Алға ауылдық округіндегі әлеуметтік сала объектілерінің жай-күйін зерделеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Округ әкімдігінің ғимаратында 14 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. 2000 жылы күрделі жөндеуден өткен. Ғимараттың бір бөлмесінде Махамбет аудандық «Қазпоштасының» ауылдық округтегі байланыс бөлімшесі орналасқан. Бүгінде ғимараттың қабырғасы жарылып, барлық бөлменің төбесінен су ағып тұр.

Бұл ауылдағы 1957 жылы салынған «Алға» мәдениет үйінің жағдайы да көңіл көншітпейді. Өте ескі, тозығы жеткен. Ғимарат жөндеуге келмейді. Соған сәйкес Алға ауылына 200 орындық жаңа мәдениет үйін салуға жобалық-сметалық құжаттама жасақтау үшін сараптама қорытындысы алынды. Келесі жылы құрылыс жұмыстарын бастау үшін аудан әкімдігі қаржы сұрамақшы.

Бұдан бөлек Алға ауылындағы жаға бекіту жұмыстарымен танысты. Бүгінде бұл жерде бірінші және екінші арнаны қазу, ПК0-ден ПК8-ге 800 метр бағана қағу, ӘЖ-10 желісін ауыстыру жұмыстары жүруде. Сәуір айында материалдарды жеткізу мен қазылған топырақты арнайы орынға тасымалдау жұмыстары басталады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT