Емханаға күрделі жөндеу жасалды

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2020 жылы Есбол ауылындағы Абай көшесінің жартысына көше жарығы жүргізіліп, жарықтандырылды.

Есбол ауылдық округі әкімі М.Әділғалиевтің айтуынша, округте Ортақшыл, Есбол, Еңбекшіл елді мекендерін қосқанда 2291 халық тұрады, 392 үй бар.

Аудан көлеміндегі ірі округтің бірі болғандықтан елді мекен тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Мал азығы көршілес Батыс Қазақстан облысынан тасымалданады.Тасымалдау жұмыстарымен жеке қожалықтар Қ.Аманбаев, А.Бөлеков, Н.Ысқақов айналысып, дайын шөпті тұрғындарға сатуды жүзеге асырған. Мал арасындағы жұқпалы ауруларға қарсы екпе жұмыстары жоспарға сай орындалған. Шалғай орналасқан ауылшаруашылық құрылымдары күн сәулесімен қуаттанатын панельдер құрылғысын алуға 5 шаруа қожалығына(«Молдаш» ШҚ, «Мәди» ШҚ, «Тымық» ШҚ, «Пегас» ШҚ, «Майбасова» ШҚ) субсидия берілген.

-«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 2020 жылы Есбол ауылындағы Абай көшесінің жартысына көше жарығы жүргізіліп, жарықтандырылды. 2021 жылы Еңбекшіл ауылының М.Шоқай көшесіне жарықтандыру жұмыстары жоспарлануда. Ортақшыл ауылындағы саябақ ішіне брусчатка төселді, сол сияқты ауыл ішінен тұрғын үй салу үшін жер теліміне инфрақұрылым жүргізіліп, 72 адамға жер телімі берілді. Ортақшыл дәрігерлік емханасына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тазалық бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Округ бойынша 3 елді мекенде 8 дүкен, 1 тойхана, 1 жанар-жағармай стансасы жұмыс жасайды. Ауылдық жерлердегі шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасы бойынша айналым қорын толықтыру мақсатында 1, мал шаруашылығын жүргізу үшін 2, дәріханаға қажетті құрал-жабдықтар алу үшін 1 адам шағын несие алып, кәсіптерін бастауда. Бірнеше рет округ бойынша бақша өнімдерінің ашық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жұмыспен қамту бойынша округ көлемінде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасымен жұмыстар жүргізілуде. Округ бойынша 14-29 жас аралығында 486 жас бар. Жастар арасында футбол, волейбол командалары бар. Жастар үшін екі мектептің спорт зал, бір жасанды спорт алаңы қызмет етеді. Зейнеткер Жәнібек Айдарұлы ауылда барлық мәселе шешіліп жатқанын, тазалық жұмыстары атқарылатынын, әсіресе, ауыл жастарына риза екенін жеткізіп, округ әкімінің есебін мақұлдап, өз ауылдастарын ауылдың гүлденуіне қызмет етуге шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521