Облыс әкімі Махамбет ауданының жаңа басшысына жаңа міндеттер жүктеді

Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов Махамбет ауданына сапары барысында айтты" деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

"Махамбет ауданы – облыс орталығының азық-түлік белдеуі. Агросектор үшін ең қолайлы аудан. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуды, жергілікті шаруа қожалықтарына егістік көлемін ұлғайтуды, асыл тұқымды мал басын көбейтуді тапсырамын. Және өнеркәсіп өндірісі мен инвестицияларды тарту, кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру бағытында қажетті жұмыстар жүргізілуі тиіс. Тағы басты мәселе - халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында тұрғындарға жер беру, тұрғын үй салу және қолданысқа тапсыру қарқынын жоғарылатуды тапсырамын" деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Облыс әкімі Махамбет ауданында туберкулез ауруына шалдыққандар санының артуына алаңдаушылық білдірді.

"Туберкулез ауруының алдын-алу және онымен күрес шараларын күшейтуді, ауданға қажетті мамандарды жұмысқа шақыруды міндеттеймін. Және ауданда білім беру саласына да 34 маман жетіспейді. Ауданға қажетті мамандарды жұмысқа тарту шараларын ұйымдастырылуы тиіс" деп нақтылады аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет ауданы активіне жаңа әкімді таныстырған болатын. Күні бүгінге дейін Ринат Джанглишов Атырау облысы Мемлекеттік сәулет - құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарып келген еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521