Жолдауда көлік-логистика саласын дамыту, Еуропа мен Азияны жалғап тұрған Қазақстанның стратегиялық рөлі, транзиттік әлеуетімізді арттыру жайы да қозғалды. Әсіресе, «Солтүстік-оңтүстік», «Шығыс-батыс» дәліздерінің, Транскаспий бағыты болашағын да ерекше атап өткенін білеміз. Сонымен қатар Жолдауда инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа инвестиция тарту, сапалы жұмыс орындарын ашу, цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдану да нақты көрсетілген. Қазақстан көлік-логистикадағы жетекші елге айналатынына сеніміміз мол.
Сайын Қожырақов, мемлекеттік сала ардагері
Еліміз көлік-логистикасы жетілген мемлекетке айналады
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 45


