Болашақта емес, дәл қазір қажет дағды

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялады. 
Жасанды интеллект – мұғалімнің көмекшісі, мемлекеттік қызметкердің ассистенті, кәсіпкердің кеңесшісі, оқушының жеке репетиторы. Бүгін бұл технологиялар артықшылық болса, ертең міндетті дағдыға айналмақ. Жасанды интеллект – тек технологиялық жаңалық емес, ол экономиканың, білімнің, мемлекеттік басқарудың жаңа қозғаушы күшіне айналып отыр. Біз жастарды осы бағытта тәрбиелеп, жаңа мамандықтарға бейімдеуіміз керек. Робототехника, бағдарламалау, цифрлық сауаттылық – болашақта сұранысқа ие басты дағдылар.
Қазіргі таңда ЖИ мемлекеттік қызметте ғана емес, білім, медицина, бизнес, өндіріс салаларында кеңінен қолданылып жатыр. Мұның негізінде машиналық оқыту мен генеративті AI жатыр. Deepseek, Claude секілді жүйелер арқылы мәтін, сурет, бейне, тіпті музыка жасауға болады. Видеогенерация бағытында Higgsfield, ал бизнес процестерде n8n платформасы тиімді қолданылуда. ЖИ-ді меңгеру – болашақта емес, дәл қазір қажет дағды. Қазақстан үшін де бұл бағыт стратегиялық маңызға ие.
Аннұр Мұратов,
«Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қорының өңірлік менеджері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT