Бала қауіпсіздігі бәрінен маңызды

Өткен аптада мектеп оқушыларының қатысуымен «Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында шара өтті.  Оған аудан прокурорының орынбасары, білім бөлімінің әдіскерлері, ұстаздар, психологтар, жоғары сынып оқушылары қатысты. 
Іс-шараны аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Берікқызы ашып, соңғы кездері жасөспірімдер арасында қылмыстар көбейгенін, ауданда әкелер форумы үйымдастырылғанын, құқық қорғау, прокуратура қызметкерлерімен жұмыстар жасалып жатқанын қаперге берді. 
Аудан прокурорының орынбасары Серік Жаңабаев өткен жылы оры алған құқық бұзушылықтар, оның ішінде қорқытып шақыру, төбелес әрекеттері байқалғанын еске салды. Құқық бұзушылық баптарына жеке-жеке тоқталды. Оның ішінде ұрлық, есірткі заттарын сату қылмысының жазасы ауыр екендігін, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынына мысалдар келтіре отырып, баяндады. 
Атырау қаласындағы отбасылық қолдау психологиялық орталығының үйлестіруші әдіскері Орынгүл Мұратқызы аутодеструктивті мінез-құлық жайына кеңінен тоқталды. Қай жасөспірімде басынан өткеннебір жағдайда ішіне сақтамай, үнемі ата-анасымен, достарымен бөлісіп отыру керектігін ескертті. Бұл аутодеструктивті мінез-құлық адамның қалыпты  дамуына, дене бітімі мен психологиялық денсаулығына қауіп төндіретін мінез-құлық болып табылады. Оның себебі көп.  Әсіресе, жас ерекшеліктерімен қатар әлеуметтік жағынан күрт өзгеру, алькогол, темекі, есірткі де өз зиянын тигізеді.  Психотерапия жүргізіп, аутодеструктивті бұзылысқа әкелетін факторларды анықтау да маңызды екенін айтты.  Әр ата-ана баласының кімдермен араласатынын біліп, күмәнді істермен айналыспауын, жат ағым өкілдеріне мүлдем жоламауды тапсырды. Сауалнаманы толтырып, белгілеуге мұқият болуды, үнемі қорқынышқа берілмей, қандай жағдайда да көмек сұрауға ұялмау керектігін қаперге берді психолог маман.  
Аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Қабышева іс-шараны қорытындылап,  бала қауіпсіздігі ең маңызды екенін атап өтті. 
А.Текебай

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT