Елдегі тұрақтылықтың басты кепілі

Құқық қорғау жүйесі – мемлекеттігіміздің берік негізі. Сондай-ақ, елдегі тұрақтылықтың басты кепілі. Заңның орында­луын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау – жауапкершілігі мол жұмыс. Өткен жылдарда ішкі істер саласына ауқымды әрі жүйелі реформа жасалды. Соның нәтижесінде қазақ полициясы өз міндетін жоғары деңгейде атқаруда.

ТӘРТІПСІЗДІК ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА «НӨЛДІК ТӨЗІМДІЛІК»

Дамыған қоғам барлық жерде тәртіптен басталады. Мемлекет басшысы: «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықтарға, бұзақылыққа, мәдениетсіздікке бой алдырмауға тиіспіз , өйткені бұл қоғам тыныштығын бұзады, өмір сүру сапасын төмендетеді. Тәртіпсіздік пен рұқсат ету сезімі неғұрлым ауыр қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеушілік ахуалы – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудағы, қылмыспен күрестегі маңызды қадам»,- деді.

Нөлдік төзімділік – бұл азаматтардың теріс реакци­ясы немесе ең ұсақ құқық бұзушылықтармен де келісуді қаламауы. Бұл ұсақ бұзақылық та, қоқыс тастау да болуы мүмкін, себебі бұның бәрі қоғамның тыныштығын бұзады, өмір сапасын төмендетеді. Статистика бойынша қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу және темекі шегу, қоқысты белгіленбеген жерде та­стау, қоғамдық тәртіпті бұзу және басқа да ұсақ құқық бұзушылықтар ұдайы өсуде.

Халықтың тәртіпсіздікке және ең ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті арттыру, тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, көлік объектілерінде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында же­дел профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Әкімшілік кодексте «ұсақ бұзақылық» ұғымы қандай құқық бұзушылықтарға жататыны айқындалған. Тіпті бір факт – бұл құқық бұзушыны жауапқа тарту үшін жеткілікті. Шара жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты болады.

Қ.ТОҚАЕВ: «ҚОҒАММЕН БІРГЕ ПОЛИЦИЯ ДА ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРУГЕ ТИІС»

Жыл басында өткен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев полицияның қоғамдағы орны мен рөлін тілге тиек етіп: «Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл – жауапкершілігі өте үлкен жұмыс. Еліміздің әрбір аза­маты өзін қауіпсіз сезінуге тиіс. Ол үшін құқық қорғау жүйесі үйлесімді әрі тиімді жұмыс істеуі қажет. Ең алдымен, мемлекетте заң талаптары мүлтіксіз орындалуы тиіс. Заң бұзған кез келген адам жазасын алу керек», – деді.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, қоғаммен бірге по­лиция да түбегейлі өзгеруі тиіс. Полиция қашанда халыққа үлгі- өнеге болуы керек. Сонда ғана жұрт полицияға сенеді, оны қорған көреді.

– Өкінішке қарай, тәртіп сақшыларының бәрі бірдей сондай деп айта алмаймыз. Ауыр қылмыс жасаған қызметкерлер анықталып жатыр. Соңғы кезде мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Бұған жол бермеуіміз керек және ондай әрекеттерді мүлдем ақтауға бол­майды. Осындай жағдайлар бүкіл жеке құрамның жұмысын бір сәтте жоққа шығарады. Ондай адам­дарды полиция қатарынан шығару қажет. Олар биліктің абырой- беделін түсіреді. Қызметкерлерін дер кезінде тәртіпке салмаған бас­шылар мәселесін де қарау керек,- деді Президент.

Заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету – Әділетті Қазақстанды құрудың басты шарты. Заңға деген құрмет адал азаматқа тән қасиеттің бірі ретінде дәріптелуі қажет. Бұл – мемлекеттік органдарға ғана емес, барша халыққа ортақ міндет.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521