Ел тарихындағы маңызды күн

Аудан орталығындағы О.Шонаев атындағы мектеп ғимаратында орналасқан 218 учаске бойынша референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде 1453 дауыс беруші бар. Оның ішінде 18 жастағылар саны - 11 адам. Сонымен қатар, тіркелген дауыс берушілер ішінде 8 адам денсаулығына байланысты үйлерінен дауыс беретін болады.

Аталмыш референдум учаскесінің сайлаушысы  аудандық мәслихат хатшысы Қайыржан Мәжиев те өз таңдауын жасап, пікірін білдірді.

- Бүгін ел тарихындағы маңызды күн. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 5 маусымында республикалық референдум өткізу жөніндегі Жарлығы шыққан болатын. Соған сәйкес бүгін бүкіл ел халқы Конституцияның 33 бабына енгізілетін  өзгерістер бойынша  өз даусын беріп жатыр. Ол өзгерістер мен толықтыруларды толықтай оқып, танысып шықтым. Еліміздің әрбір азаматы бұл саяси шараға атсалып,  өз таңдауын жасауы тиіс деп білемін, - дейді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT