Еңбекшіл ауылының тұрғыны, 78 жастағы Өтеген Сүйінғалиев 230 референдум учаскесіне жұбайымен бірге келіп өз таңдауын жасады.
-Ауылымыз шағын болса да референдумға келіп, өз таңдауларын жасап жатқан жастардың қарасы көп екенін көріп қуанып отырмын. Біз ұзақ жылдар бойына ауданның дамуына үлес қосқан еңбек ардагеріміз. Бүгінгі референдумға ауылдағы жастарға үлгі болып, аяқтай келіп дауыс бергенді жөн деп таптық. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын боларына сеніміміз мол-дейді ауыл ақсақалы
Халық саны 284-ті құрайтын Еңбекшіл ауылындағы 230 референдум учаскесіне 162 дауыс беруші тіркелген. Сағат 09.30 ға дейін 40 адам өз таңдауын жасап үлгерді.